Алматыда “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2011″ екінші аймақтық ортаазиялық форумы өтеді / Казах.Рупор / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












Казах.Рупор



Открытый блог для анонса событий и мероприятий

Блог rupor
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Алматыда “Орталық Азиядағы интернет-саланың дамуы InternetCA-2011″ екінші аймақтық ортаазиялық форумы өтеді

Форум Алматыда 2011 жылдың 23-24 маусымында “Достық” қонақүйінде өтеді.



Шара аясында мемлекеттік органдардың өкілдері, парламентарийлер, дипломаттар, интернет-қауымдастық белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, журналистер, заңгерлер, интернет-сарапшылар, академиялық орта және бизнес өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріндегі Интернеттің дамуы туралы пікірталастар болады.


Форумның басым бағытты тақырыптары келесілер болмақ: Интернет VS Құқық, Интернет VS Этика, Интернет VS Медиа, Интернет VS Мемлекет. Аталған тақырыптық блоктар аясында Орталық Азия елдеріндегі негізгі Интернет мәселелері талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылады, болжамдар жасалынады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, форум ұйымдастырушылары Интернеттегі сөз бостандығы мен ақпаратқа қол жеткізу мәселесін көтеруге; Интернеттің жалпы медиа нарыққа және жекелеп алғанда журналист жұмысына әсерін талқылауға; виртуалды кеңістіктегі бейәдеп сөздерге модерация жүргізудің қажеттілігін және өзге де мәселелерді көтеруге ниет танытып отыр.

Форумды Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының, Сорос-Қазақстан Қорының, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің және Еуропалық Одақтың қолдауымен MediaNet халықаралық журналистика орталығы және Қазақстанның Медиа Альянсы ұйымдастырып отыр. Ұйымдастырушылар қызығушылық танытқан барлық адамдарды шараға тыңдаушы ретінде қатысып, белсене араласуға шақырады.

Форумға қатысу үшін (қатысу тегін) ұйымдастырушылардың сайтында орналасқан онлайн-тіркеуден өту керек.

Форумның ресми серіктесі – «Достық» қонақүйі. «КаР-Тел» ЖШС-гі «Beeline» сауда белгісімен техникалық қолдау көрсетуде. Азаттық Радиосы, Presskit.kz медиа-мұрағаты, PROFIT IT-ресурсы, Today.kz ақпараттық порталы, Creativecommons.kz веб-порталы, Zonakz.net интернет-газеті, Қазақстанның веб-құрушылар одағы, iport.kz порталы, халықаралық kazakh.ru қазақ сервері ақпараттық қолдау білдіріп отыр. Форумның басты интернет-серіктесі - Nur.kz қазақстандық порталы.


Теги: internetca